ЖИТС қалалық орталығы «Астана» республикалық радиосында
2019 жылдың 21 қарашасында «Астана» республикалық радиосында «Әлеумет тынысы» хабарында «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұранымен өтетін ЖИТС-пен бүкіләлемдік күрес науқаны шеңберінде ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жанна Айтмағанбетқызы тікелей эфирде сөйледі.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Астана медицина университетінің студенттеріне дәріс өткізілді
2019 жылдың 19 қарашасында ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Д. Бексұлтанова Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» медицина университетінің жалпы медициналық факультетінің үшінші курс студенттеріне «Барлығы АИТВ туралы» атты дәріс өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласының орта бизнес нысандарындағы акция
2019 жылдың 18 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында ЖИТС орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жасыл жер» ЖШС қызметкерлеріне арнап акция өткізді.
«А2 Супермакетінде» акция
2019 жылдың 15 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында А2 Супермаркетінің келушілер мен қызметкерлерге арналған акция өтті. Іс-шараны ЖИТС орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының ТҚСҚББ өкілдерімен бірлесе отырып ұйымдастырып, өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласының «Назарбаев» халықаралық әуежайындағы акция
2019 жылдың 14 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев» халықаралық әуежайында ЖИТС орталығының дәрігерлері көліктегі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдерімен бірлесіп, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» акциясын өткізді.