ЖИТС орталығында Астана қаласы бойынша қылмыстық-түзету жүйесі комитет Департаментімен ведомствоаралық кеңес болып өтті
05.06.2015ж., Астана қаласының әкімдігі ЖИТС орталығында біріккен іс шаралар жоспарының аясында Астана қаласы бойынша қылмыстық-түзету жүйесі комитет Департаментімен ведомствоаралық кеңес болып өтті.
ЖИТС орталығында «Тестілік кеңес беруге дейін және одан кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру»тақырыбында семинар-тренинг өтті
2015 жылдың 03 маусымында Астана қаласының «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКК мамандарының, емдеу-алдын алу көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.С.Нургожинаның және алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Ж.М.Баяндинованың ұйымдастыруымен «Тестілік кеңес беруге дейін және одан кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру» тақырыбында қалалық АМСК медициналық ұйымдарының дәрігерлері арасында семинар-тренинг өткізді.
К.Қуанышбаев атындағы Қазақ Драма театрында «Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылым көрсетілімі өтті
Ағымдағы жылдың 30 мамырында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Драма театрында «Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылым көрсетілімі өтті.
"№3, №4 Автопарк" ұйымдарының жұмысшыларына семинар өткізілді
Ағымдағы жылдың 28 мамырында ЖИТС орталығының мамандарымен №3, №4 автопарк ұйымдарының жұмысшыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары, ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» туралы дәрістер өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті іс басқармасының жаңа клиникалық-оңалту Медициналық орталығының қызметкерлеріне семинар өткізілді
2015 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті іс басқармасының жаңа клиникалық-оңалту Медициналық орталығының қызметкерлеріне ЖИТС орталығының бөлім меңгерушілері Қ.И Күзембаева және Г.С Нұрғожина АИТВ инфекциясын алдын алу сұрақтарына арналған семинарлық сабақ жүргізді.










