Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында және халықтың АИТВ және алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының маманы Ж.К. Бекетова Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына дәріс өткізді.
Іс-шара барысында тыңдаушылар АИТВ-инфекциясының ерекшеліктері туралы білді, АИТВ атауының этимологиясын, вирустың басқалардан айырмашылығы, оның берілу жолдары мен инфекциядан қорғау жолдарын талқылады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу тақырыбына ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шаралар ауру туралы хабардарлықты арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
2025 жылғы 14 қарашада елордалық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты. Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында семинар өтті.
2025 жылғы 14 қарашада Астана қаласы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – АИТВ инфекциясыныңалдын алу және диагностикалау мәселелері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігі мен халықтың хабардар болуын арттыру.
2025 жылғы 14 қарашада елордалық Сапаржай автовокзалында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған іс-шаралар шеңберінде қаланың тұрғындары мен қонақтарына арналған акция өткізді.













