Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған іс-шаралар аясында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А.А. Идрисова «Жас талап» Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп Spectrum International School мектебінің жоғары сынып оқушыларына ақпараттық-білім беру дәрісін өткізді. Дәрістің тақырыбы АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу болды.
06.11.2025 ж. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары М. К. Абдумананова, Г.А. Сакупова ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді.
2025 жылы 5 қараша күні Шәкен Айманов атындағы №20 мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық дәріс өткізілді.










