2024 жылғы 18 қазанда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету жоспары аясында Қобыланды көшесіндегі №13 қалалық емхана мен «Жанұя» ҚӘМК филиалында МСАК семинарларын өткізді.
2024 жылғы 21 қазанда Астана қаласында донорлықтың инфекциялық қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Кеңесте АИТВ-инфекциясы бойынша консультациялық ұйымдастыру-әдістемелік көмек жүргізу нәтижелері, аналитикаға дейінгі кезеңнің сапасын қамтамасыз ету үшін АИТВ-инфекциясына донорларды тестілеу кезінде экспресс-тесттерді қолдану мәселелері талқыланды. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Б.К. Құлтанова кеңесте 2024 жылдың 9 айы бойынша АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясын тіркеудің салыстырмалы деректері, Астана қаласында донорлар арасында АИТВ-мен сырқаттанушылықты қоса алғанда, тіркелген жағдайларды жасына, берілу жолдарына, әлеуметтік мәртебесіне қарай бөлу бойынша материалдарды ұсынды.
2024 жылғы 10 қазанда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Sana Vita Clinic» ЖШС емханасында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша емхананың дәрігерлеріне, медбикелеріне семинар өткізді. Семинарға қатысушыларға 2024 жылдың 9 айы бойынша АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы ұсынылды.
«АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының» МКҚК қызметкерлері Астана қаласының Білім басқармасымен біріккен іс-шаралар жоспары аясында, №№ 9, 15, 45, 52 және 56 жалпы білім беретін мектептерінде семинарлар өткізді.