«Дұрыс жолды - адам құқықтарының жолын таңда!» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «АИТВ-ға байланысты стигма жоқ» жобасы шегінде «Шеврон" ның қолдауымен Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы (КМПа) Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне форум ұйымдастырды.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «Жизнь вопреки» қоғамдық қоры Астана қаласындағы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп «Қайырылды істер марафоны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қайырымдылық акциясының мақсаты АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету. Алдағы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында АИТВ-мен өмір сүретін 82 отбасыға, оның ішінде 2 жасқа дейінгі перинаталдық байланысы бар 66 бала сыйлықтар табысталды.
Астана қаласында Үздік эссе байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау 2024 жылдың 4 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Білім басқармасының және АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде білім алатын 10-11 сынып оқушылары арасында «Дұрыс жолды, адам құқықтары жолын таңда» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында өтті.