2015 жылғы 27 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК дәрігер-эпидемиологы Ж.М.Баяндинова Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық шеңберінде Астана қ. Алматы аудандық ІІБ жеке құрамы үшін Әлемдегі, ҚР АҚТА-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АҚТҚ инфекциясының берілу жолдары, АҚТҚ инфекциясын диагностикалау, алдын алу, апаттық жағдайлар, ПКП тақырыбында семинар өткізді.
26.11.2015 жылы Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК мамандары Ж.Баяндинова, С.Нургалиева Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық шеңберінде ағымдағы жылғы жемісті еңбектері үшін Ортаплық басшылығы атынан алғыс хаттармен марапаттап, ХОТ арасындағы аутрич-қызметкерлерге арнап семинар өткізді.
2015 жылғы 26 қараша сағат 15:30-да Политехникалық колледж студенттері арасында «Ғасыр індетін тоқтатайық!» атты ұранмен акция өткізілді.
ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары студенттерге АИТВ жұқпасының берілу жолдары және оның алдын алу сұрақтары бойынша сұрақтарға жауап берді.