2015 жылы 13 қарашада ЖИТС орталығының мамандары Астана «Зеленстрой» АҚ ұйымының Есіл ауданының көгалдандыру жұмысшылары арасында Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ жұқпасының алдын алу жайлы ақпараттар берді.
12-13 қараша Бүкіләлемдік ЖИТС-н күрес күні кампаниясының аясында қаланың №17 және 21 мектептерінде оқушылар арасында АҚТҚ инфекциясының алдын алу бойынша тренинг өткізілді.
2015 жылғы 12 қараша күні Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мәжіліс залында БАҚ-на баспасөз мәслихаты өткізіліп, Бүкіләлемдік ЖИТС-н күресу кампаниясы аясындаға айлықтың барысында іс шараларына кірісіп кетті. АИТВ-инфекциясының алдын алу айлығы Астана қаласында ағымдағы жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны арасында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткізілмек.
2015 жылдың 10 қарашасынан бастап Астана қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны «Мақсатты бағытталу: АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90%-ы өздерінің АИТВ статусын біледі; АИТВ-инфекциясы диагнозы бар адамдардың 90%-ы АРТ қабылдайтын болады; АРТ қабылдайтын 90% адамда вирус төмендейді» атты ұранмен басталды.