23.09.2015ж. Астана қаласының ЖИТС орталығында «Қан донорлары арасында АИТВ-ныңалдыналу сұрақтары» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Астана қ. №1 қалалық емхана, ҚР ДС ӘД Транфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, ЖИТС орталығының мамандары қатысып, ҚР ДС ӘД ТҒӨО мен ЖИТС орталығының мамандары баяндамамен сөз сөйледі.
2015 жылы 18-29 қыркүйек аралығында Астана қаласының № 40-50 жалпы білім беру мектептерінде 9,10,11 сынып оқушыларына ЖИТС орталығының мамандары Бексұлтанова Д.Т., Каратаева Г.Е. АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу сұрақтары бойынша, берілу жолдары мен ҚР және Астана қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайы тақырыптарына дәрістер өткізді. Дәріске 405 адам қатысты. Барлығына ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, үнпарақтар) таратылып, «Өмір ағашы» атты фильмі көрсетілді.
2015 жылы 12 қыркүйекте Астана қаласының «Экономика, технология және тағам өнімдерін стандарттау»колледжінің І-ІІІ курс студентеріне ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері Бексұлтанова Д.Т. және Каратаева Г.Е. АИТВ жұқпасының алдын алу. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы тақырыптарына семинар өткізілді.