01

2015 жылы 27 тамызда «Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ДС ӘД министрлігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 508 бұйрығын, «Денсаулық сақтау ұйымдарының эпидемиологтары үшін АИТВ-жұқпасы сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы» Республикалық ЖИТС орталығының 2015 жылдың 22 шілдедегі №39 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы 2015 жылдың 25 тамыздағы №887-ө бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін, Астана қаласының тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі Департаментінің қатысуымен ЖИТС орталығында медициналық ұйымдардың аурухана эпидемиологтарына семинар өткізілді. 

P 20150827 113948

2015 жылы 27 тамызда ЖИТС орталығының мамандарымен «Гульжан» СО жұмысшыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары, ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына дәрістер өткізілді.
Тыңдаушыларға АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары жайында егжей-тегжейлі түсіндіріліп, АИТВ-жұқпасының берілуі туралы қызықты деректер ұсынды, АИТВ/ЖИТС туралы негізгі түсініктер, қысқаша мазмұндалған білімдерді тасымалдайтын кітапшалар және үнпарақтар таратылды. Дәрістерге 107 адам қатысты.

P 20150817 1440192015 жылдың 17, 18, 20, 21 тамызда  Астана қаласы Қ. Сәтпаев 14, Ш. Иманбаева 7, Алатау-6 шағын ауданы, Қ. Мұнайтпасов 10, Жирентаев 6/1 к-рі, Абылайхан  даңғылы 38  үйлерінде орналасқан «Бахус» сауда жүйелерінің «5 минут» Супермаркетерінде  ЖИТС орталығының  мамандары Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ жұқпасының алдын алу туралы ақпараттар берді.

P 20150814 1459042015 жылдың 14 тамызда Астана қаласы Ғ. Мүсірепов 3 және Ғ. Мустафин 13 көшелерінде орналасқан «5 минут» супермаркетерінде ЖИТС орталығының мамандары дәріс жүргізіліп, Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ жұқпасының алдын алу туралы ақпараттар берді.