2015 жылдың 13 маусымында ЖИТС орталығының мамандарымен «Даулет» сауда орталығы ұйымының жұмысшыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына лекция өткізілді. Сауда орталығының жұмысшыларына АИТВ жұқпасының берілу жолдары туралы қызықты деректер ұсынылды. АИТВ жұқпасының алдын алу сұрақтары бойынша жұмысшылардың білімдерін тексеретін дейінгі-кейінгі тестілеу сауалнамасы жүргізілді. Тыңдаушыларға ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, үнпарақтар), сонымен бірге жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды.
05.06.2015ж., Астана қаласының әкімдігі ЖИТС орталығында біріккен іс шаралар жоспарының аясында Астана қаласы бойынша қылмыстық-түзету жүйесі комитет Департаментімен ведомствоаралық кеңес болып өтті.
2015 жылдың 03 маусымында Астана қаласының «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКК мамандарының, емдеу-алдын алу көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.С.Нургожинаның және алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Ж.М.Баяндинованың ұйымдастыруымен «Тестілік кеңес беруге дейін және одан кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру» тақырыбында қалалық АМСК медициналық ұйымдарының дәрігерлері арасында семинар-тренинг өткізді.
Ағымдағы жылдың 30 мамырында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Драма театрында «Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылым көрсетілімі өтті.