Ағымдағы жылдың 28 мамырында ЖИТС орталығының мамандарымен №3, №4 автопарк ұйымдарының жұмысшыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары, ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» туралы дәрістер өткізілді.
2015 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті іс басқармасының жаңа клиникалық-оңалту Медициналық орталығының қызметкерлеріне ЖИТС орталығының бөлім меңгерушілері Қ.И Күзембаева және Г.С Нұрғожина АИТВ инфекциясын алдын алу сұрақтарына арналған семинарлық сабақ жүргізді.
Ағымдағы жылдың 21 мамырында ЖИТС орталығының мамандарымен №1 Автопарк АҚ ұйымының жұмысшыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына семинар өткізілді.
18-19 мамыр Алматы қ.
Зертханаларды аккредитацияға дайындау аясында ISO 15189 қалыбының талаптарына сәйкес сапаны басқару есебімен зертханалық жүйелерді енгізу бағдарламасына диагностикалық зертхананың меңгерушісі Ким А.Д. халықаралық семинарға қатысты.