05.09.2015ж Астана қаласының «Жерұйық» саябағында «2015 – денсаулық фестивалі» атты кең ауқымды республикалық акциясы «Салауатты өмір салтын қалыптастыруына – Иә деп айт!» ұранымен жаппай жүгіру өтті. Басқа медициналық ұйымдармен бірге, ЖИТС орталығы осы акцияға белсенді қатысты. Жүгіруге ең белсенді қатысқандар, сонымен қатар ЖИТС орталығының мамандары Салуатты өмір салтын қалыптастыру орталығының алғыс хатымен марапатталды.
ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында қатерлі дерттен сақтау жолдары туралы толыққанды ақпарат беру мақсатында, 2015 жылы қыркүйектің 1 мен 10 аралығында акция өткізуде.