1000000Астана 2017 жылғы 20-21 қыркүйек Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің базасында АИТВ-инфекциясының парентеральды таралу жолдарының алдын алу аясында Астана Медициналық университеті студенттер қатарынан еріктілер үшін семинар – тренинг өткізілді. Семинарды ұйымдастыруға Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Астана қаласының наркология және психотерапия орталығы, «Болашаққа қадам» қоғамдық үкіметтік емес ұйымдар, «Әлем» еріктілер орталығы, «Астана Медициналық университеті» АҚ қатысты.

DSC 01892017 жылы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «АИТВ/ЖИТС, туберкулездің алдын алу, емі жөнінде халықтың, атап айтқанда бизнес-құрылымдарының хабардарлығын арттыру, сырқаттану көрсеткіштерін, стигманы азайту және Қазақстанда АИТВ/ЖИТС, туберкулездің бизнеске ықпалы - бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін  жақсарту» әлеуметтік жобасы аясында «Медициналық қызметкерлерге құқықтық көмек» Республикалық қоғамдық ұйымымен, Астана қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерімен бірлесіп, Астана қаласының  ЖИТС орталығының мамандары «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында бизнес қауымдастығына арнап семинар өткізді.

IMG 66832017 жылдың  14-15 қыркүйегінде  «Тенгри», «Абсолют», «Аланда», «Султан Бейбарыс», «Ibis», «Travel inn», «Акжайық»   отелдерінде ЖИТС орталығының  мамандары Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ-жұқпасының алдын алу туралы ақпараттар берді.

IMG 66702017 жылғы 11-14 қыркүйекте  ЖИТС орталығының мамандары  АҚ «Цесна банк», «АТФ банк»  және «К Дорстрой» АҚ қызметкерлеріне  арнап АИТВ сұрақтары бойынша дәрістер өткізілді.