2017 жылы 16 тамызда ҚР ДМ Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы және Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен, қаланың ЖИТС орталығы және қалалық емханалардың қатысуымен, «Өз денсаулығың өз қолыңда» акциясы өтті.
2017 жылы 14-15 тамызда ЖИТС орталығының мамандарымен бірқатар алдын алу іс-шаралар: «Ұлжан» базарының жалға алушыларына «Жұмыс орнында АИТВ мәртебеңді біл» экспресс-тестілеу бойынша акция, және «Көк базар» базарының, «Шарм М» сұлулық салонының, «Калинка» жиһаз дүкенінің, «Технопарк» БО-ның, «Маржан» БО-ның, «Реал» қонақ үйінің, «Аурика» ЖШС жұмысшыларына дәрістер өткізілді.