2017 жылғы 30 маусымда Астана қаласы денсаулық сақтау Басқармасының 28.06.2017ж. № 37-ө бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерін дайындау және медициналық ұйымдарда персонал мен пациенттердің АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу мақсатында, ЖИТС Орталығында дәрігер-эпидемиологтар және АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша медициналық ұйымдардың жауапты мамандары, денсаулық сақтау Басқармасына бағынысты ведомстволар арасында семинар өтті.
2017 жылғы 25 маусымда Астана қаласының ЖИТС орталығы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп «Жастар» сарайында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жалпы қалалық акцияға қатысты. Акцияның басты мақсаты – тұрғындар арасында есірткі пайдалану зардаптары туралы хабардарлықты арттыру, психоактивті заттарды қолданудың өрескел имиджін қалыптастыру.