0000000Ірі және орта бизнес-құрылымдарында «Astana LRT»,  «Astana Motors», «Инком Астана», «Евразия» СОСО мемлекеттік міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу және АИТВ жұкпасының алдын алу сұрақтары қаралды.

20170618 120352Астана қаласы әкімдігінің ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбы бойынша қала тұрғындарының ақпараттандыруын арттыру мақсатында жаңа жарнамалық науқан бастады. Қаланың түрлі тұрғын үй кешендерінде 2000-ға жуық лифттердің ақпараттық тақталарында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша көрнекі жадынамалар орналастырылды. Жадынамалар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жайлы толық ақпаратты қамтиды. Осылайша дәрігерлер қаланың түрлі аудандарында тұратын 200 000-нан астам тұрғындарды қамтуды жоспарлап отыр.

160617ЖИТС орталығының мамандары «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбы аясында ірі және орта бизнес объектілерінің басшылары мен қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру бойынша алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. «Мега Строй» ЖШС, «Лея» ЖШС, «ТРЭЙД Стандарт» железнодорожные перевозки» ЖШС әкімшілігі мен қызметкерлеріне семинарлар мен дәрістер өткізілді.

20170610 092629Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында "Болашаққа қадам" қоғамдық қорымен бірлескен "АИТВ инфекциясының алдын-алу, диагностикасы, күтімі және қолдау бойынша медициналық - әлеуметтік қызмет көрсету" атты әлеуметтік тапсырыс шеңберінде АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалар үшін Пациент мектебі өз жұмысын бастады. Бірінші сабақта Мектепке келушілер АИТВ туралы жалпы мәліметтерді талқылап, оппортунистік инфекциялар туралы ақпарат алды.