2017 жылғы 04 сәуірде ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары С.Мусина мен ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы Республикалық «Шалқар» радиосының тікелей эфиріндегі «Денсаулық» бағдарламасына қатысып, журналист пен тыңдармандар тарапынан МӘМС туралы және басқа қойылған сұрақтарға жауап берді.
2017 жылғы 15 наурызда ЖИТС орталығы Тұтынушылар құқығын қорғау департментімен бірге «Астана қаласының қауіпсіздігі және жайлылығы» бірлескен кешенді жоспар аясында және халықаралық «ЭКСПО 2017» көрмесін өткізуге дайындық барысында косметологиялық қызмет көрсету саласындағы шағын және орта кәсіпорын басшылары үшін семинар өткізді.
2017 жылғы 03 наурызда Астана қаласының Аймақтық кәсіпкерлер Палатасында ЖИТС орталығымен бірлескен кеңесі өтті. Кеңес барысында бизнес-құрылымы өкілдері арасында жүргізілген ақпараттық жұмыстың 2016 жылғы нәтижелері мен АИТВ-инфекциясы индикаторы бойынша Бүкіләлемдік экономикалық форумның жыл сайынғы есебі талқыланды.