2017 жылғы 1 наурыз - «Нөлдік кемсітушілік» күніне орай, ЮНЭЙДС - жаңа жаһандық науқан туралы ақпаратты ұсынды. Биылғы жылы «Нөл кемсітушілік» күнін атап өте келе, ЮНЭЙДС медициналық мекемелерде кемсітушілікті толығымен жою қажеттілігіне баса назар аударады, себебі бұл ЖИТС індетін 2030 жылға дейін тоқтату жолындағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылады.

20170222 1125522017 жылы 20-22 ақпанда ЖИТС орталығының мамандарымен «АИТВ және бизнес» тақырыбында «Рауан», «Экспресс» сауда үйлерінде, «Удача», «Аббат» дүкендерінде АИТВ жұқпасының алдын алу мақсатында дәрістер өткізілді.

20170221 1522152017 жылдың 21 ақпанда Астана қаласы «Шапағат» Коммуналдық базарында ЖИТС орталығының мамандары Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ жұқпасының алдын алу туралы ақпараттар берді.

Azhar novost2017 жылдың ақпанның 9 және 10 күндері Астана қаласы ЖИТС орталығымен бірлескен меморандум аясында педагогтардың біліктілігін арттыру "Өрлеу" институтының базасында "АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша жоғары сыныптарда сабақтарды өткізу түрлері мен әдістері" тақырыбына арналған мектеп мұғалімдері үшін тренингтер өтті.