2020 жылдың 15 қаңтарында «Болашаққа қадам» акциясы аясында ЖИТС орталығының дәрігерлері Сарыарқа ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының және Нұр-Сұлтан қ. №2 қалалық емханасының мамандарымен бірлесе отырып, «Әсем» базарында базар қызметкерлері мен елорда тұрғындары үшін акция өткізді.
Акцияның мақсаты халықты АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыруға және АИТВ-жұқпасына тестілеуді насихаттауға бағытталды. Іс-шараға қатысушыларға АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтуге және қан қысымын өлшеуге мүмкіндік берілді. Барлығына ақпараттық-білім материалдары таратылды.