15.02.2021 ж. АИТВ-ға экспресс-тестілеудің сапасын бағалауды енгізу аясында «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» МКҚК профилактика бөлім меңгерушісі А.М. Мухамедиев, зертхана меңгерушісі Л.С. Нұғманова «Шаг в будущее» ҮЕҰ қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлеріне арналған семинар-тренингін өткізді, АИТВ-ға экспресс-тестілеуді өткізу, АИТВ-ға экспресс-тестілеуді (атап айтқанда OraQuick экспресс-тестін) бағалау және оның сапасын бақылау мәселелері баяндалды.Зертханалық тестілеудің негізгі кезеңдері, ЭТ сапасын қамтамасыз ету, құрғақ пробиркалы бейнені пайдалана отырып, сапаны сыртқы бақылауға қатысу туралы сұрақтар қамтылды. семинар барысында құжаттаманы жүргізу негіздері (нәтижелерді есепке алу, тіркеу журналы), түзету іс-әрекеттерін орындалуы ұсынылды.
Қатысушыларға тұтас қан мен сілекей бойынша АИТВ-ға жедел тестілеуді практикалық орындау мүмкіндігі берілді.
Сондай-ақ, жедел тестілеудің сапасын бақылау бойынша алғашқы аудит жүргізілді, бағалау парағын толтырылды. «Шаг в будущее» ҮЕҰ негізгі мақсаты - есірткі тұтынушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын-алуға бағытталған іс-шараларды өткізу.