2022 жылғы 1 желтоқсанда "Астана медицина университеті" КЕҰ - да Жалпы медицина факультетінің 2-3 курс студенттері арасында «теңдік уақыты» ұранымен» «студенттер мен жас ғалымдардың XIV жыл сайынғы дәстүрлі конференциясы» өтті.
АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының емдеу-профилактикалық көмек бөлімінің меңгерушісі Сергалиева Әлия Шуртанбайқызы «Астана қаласында АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың даму тенденциялары» тақырыбында баяндама жасап, жалпы медицина факультетінің 2-3 және 5 курс студенттерінің «АИТВ-ға АРТ-ға төзімділіктің заманауи аспектілері. Жасөспірімдегі АИТВ-инфекциясының клиникалық жағдайы» туралы студентердіңбаяндамалары тыңдалды.
Конференция АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жастардың хабардарлығын арттыру, олардың денсаулығына жауапкершілік және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту мақсатында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында өткізіледі. Іс-шара барысында әрбір ниет білдіруші АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.