Бағдарламаға ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жанна Айтмағанбетқызы және алдын алу бөлімінің меңгерушісі Саулебаев Ұлықбек Рахымжанұлы қатысып, сөз сөйледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына акцияның мақсаты, АИТВ-инфекциясының алдын алу, елордадағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-ны емдеу, тестілеу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері туралы айтылды. Бағдарлама барысында радио тыңдаушылар мен жетекші бағдарламаның сұрақтарына жауаптар берілді.