Шарт 2024 жылдың наурыз айында күшіне енеді. Салтанатты қол қою рәсімінде екі жылда бір рет қабылданатын Ұжымдық шартта көзделген әлеуметтік кепілдіктер сөзсіз орындалатыны, басымдық әлеуметтік бағытқа берілетіні айтылды. Басты назар жұмыскерлердің мүддесін қорғауға бөлінетін болады.
Құжатты дайындау осы жылдың қаңтар айында басталды. Жаңа ұжымдық шартты әзірлеу барысында 25-тен артық ұсыныс түсті. Оны дайындау үшін барлық ұсыныстарға талдау жүргізген жұмыс тобы құрылды.
Жаңа ұжымдық шартта жұмыскерлердің және олардың балаларының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған барлық негізгі бөлімдерге өзгерістер енгізілген.
Орталық Әкімшілігі Кәсіподақ комитетімен бірлесіп жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмыс жүргізуде және болашақта да жалғастыратын болады.