Эпидемиологилық бөлімінің меңгерушісі Аймагамбетова И.Б. айтуы бойынша 2023 жылғы Астана қаласындағы эпидемиологиялық жағдайында жыныстық берілу жолының үлес салмағының ұлғаюы байқаланады, бұл өз кезегінде жүкті әйелдерді жұқтыру және АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупін арттырады. Сондай-ақ қатысушыларға 14 жасқа дейінгі балалар арасында АИТВ-инфекциясы жағдайларын талдау ұсынылды.
Эпидемиолог-дәрігер Рахимбаева З.Б. АИТВ-ға тексеру тәртібін регламенттейтін бұйрықтарда клиникалық көрсетілімдерге тоқталып, алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда АИТВ-инфекцияға қатысты дәрігерлердің сақтығы болуын айтты.
Инфекционист-дәрігер Абилова Л.З. АИТВ-позитивті аналардан туылған балалардың тексеру алгоритмі. АМСК емханалары және АИТВ-орталығының дәрігерлерімен біріккен жұмысы барысындағы АИТВ-инфекция диагнозы қойылған балалардың тамақтануы, бақылауы және тексерілуі туралы баяндады.