WhatsApp Image 2024 02 28 at 15.32.30

 

Эпидемиологилық бөлімінің меңгерушісі Аймагамбетова И.Б. айтуы бойынша 2023 жылғы Астана қаласындағы эпидемиологиялық жағдайында  жыныстық берілу жолының үлес салмағының ұлғаюы байқаланады, бұл өз кезегінде жүкті әйелдерді жұқтыру және АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупін арттырады. Сондай-ақ қатысушыларға 14 жасқа дейінгі балалар арасында АИТВ-инфекциясы жағдайларын талдау ұсынылды.

Эпидемиолог-дәрігер Рахимбаева З.Б. АИТВ-ға тексеру тәртібін регламенттейтін бұйрықтарда клиникалық көрсетілімдерге тоқталып, алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда АИТВ-инфекцияға қатысты дәрігерлердің сақтығы болуын айтты.

Инфекционист-дәрігер Абилова Л.З. АИТВ-позитивті аналардан туылған балалардың тексеру алгоритмі. АМСК емханалары және АИТВ-орталығының дәрігерлерімен біріккен жұмысы барысындағы АИТВ-инфекция диагнозы қойылған балалардың тамақтануы, бақылауы және тексерілуі туралы баяндады.