ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде әлемнің 100-ден астам елінде өтеді. Биылғы жылдың тақырыбы «Махаббат пен ынтымақтастық арқылы бірге есте сақтаймыз, бірге жеңеміз!». Бұл күн індет кезінде өмірін қиғандарды ұмытпауға, ақпараттық және профилактикалық бағдарламаларды белсенді жүзеге асыруға бәрімізді шақырады.
Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К. Аскаров атап өткендей, қазіргі уақытта ЮНЭЙДС 95-95-95 мақсаттары мен орындалуы шеңберінде қалада АИТВ-ның бағалау санының 96% – ы өзінің АИТВ – мәртебесін біледі, оның ішінде АРТ-89% алады, Анықталмайтын вирустық жүктемесі-89%. Елордада соңғы жылдары ЖИТС-тен өлім-жітім екі есеге азайды. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде тегін берілетін антиретровирустық терапияның қолжетімділігін қамтамасыз ету нәтижесінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатқандығының көрсеткіші. «Жизнь вопреки» қоғамдық қорының директоры А. Мукушева үкіметтік емес ұйымдардың мақсаты АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарына психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көрсету екенін атап өтті. Бұл ұйымдар әрі қарай да стигма мен дискриминациядан зардап шеккен адамдардың, АИТВ-инфекциясының таралуын азайту үшін жұмыс жасауға ниетті.
Баспасөз конференциясында «Қазақстан Ұлттық арнасы», ТК «Астана», ТК «Евразия», ТК «24 kz» және «Ulysmedia», «Tengrinews», «ZTB» ақпараттық агенттіктерінің өкілдері қатысты.