Қалалы жерлерде денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар ірі нысан іске қосылды: Астанада онкология орталығы, Алматыда жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылды.

      Алдағы уақыттағы мақсат - өңірлерде салынған көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық шырғалаңға салмай, пайдалануға беру қажет, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы салуды жалғастыру. Бұл азаматтарға үйге жақын сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

👩️Елімізде дәрігердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Бұл жұмыс өз жалғасын табады.

💡 Үкіметке фармацевтика өнеркәсібін дамытуға, өзімізде жасалатын дәрі-дәрмектің түрі мен санын көбейтуге, жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тапсырма берілді. 
 
WhatsApp Image 2025 09 09 at 15.12.38