1576175569406

1992 жылғы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №382 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы №337 Жарлығына сәйкес 4 маусым – елімізде Мемлекеттік рәміздер күні деп белгіленгені белгілі. Содан бері, бұл мерекенің орны ерекше. Себебі, әрбір азаматтың жүрегінде Отанына деген сүйіспеншілікті, өз еліне деген патриоттық сезімін оятуда мемлекеттік рәміздердің маңызы аса зор.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

Рәміздерім – ұлттың басты нышаны

Б. Қазыбек

Әнұраным жігерімді жаниды,

Қазақ елін бүкіл әлем таниды.

Гүлдендірді, түрлендірді жерімді,

Елін сүйген азаматтар жаны игі.

Елтаңбам мен елдігімді бәрі ұққан,

Айналайын қазақ деген халықтан.

Күн бейнелі шаңырағым нұр шашып,

Уықтары бірлігімді танытқан.

Жұлдызым тұр жарқыраған жоғары,

Қонақжаймыз арылмаған қонағы.

Мызғымаса бірлігім мен тірлігім,

Бағымыз боп, бақыт құсы қонады.

Ай мүйізді алтын қанат пырағым,

Қайсарлықтың бейнесі деп ұғамын.

Бабалардың рухынан қуат ап,

Бейбітшілік күзетінде тұрамын.