«№1 парк Highvill» ұйымының жұмысшыларына «Еңбек шеңберіндегі АИТВ/ЖИТС-тың өзектілігі» тақырыбына семинар өткізілді
2015 жылы 23 сәуірде ЖИТС орталығының мамандары «№1 парк Highvill» құрылыстық ұйымының жұмысшыларына Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, «Еңбек шеңберіндегі АИТВ/ЖИТС-тың өзектілігі» тақырыбына семинар, және АИТВ жұқпасының алдын алу сұрақтары бойынша жұмысшылардың білімдерін тексеру үшін дейінгі және кейінгі тест сауалнама жүргізді.
АИТВ жұқпасы тақырыбына дөңгелек үстел өтті
2015 жылдың 21 сәуірінде Астана қаласының «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында» МКҚК, «Жастар арасында әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу, соның ішінде АИТВ жұқпасы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Гумилев Л.Н. университетінде дөңгелек үстел өткізілді
2015 жылдың 27 наурызында Гумилев Л.Н. атындағы Евразиялық Ұлттық Университетінің конференц-залында «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу, қазіргі жастардың адамгершілік және отбасылық құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. ЖИТС орталығының маманы қаладағы АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндады.
Тамара Дүйсенова АИТВ/ЖИТС жөніндегі БҰҰ Бірлескен бағдарламасы
2015 жылдың 14 наурызында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова АИТВ/ЖИТС жөніндегі БҰҰ Бірлескен бағдарламасының Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Ізгі ниет елшісі, әнші, актриса және тележүргізуші Вера Брежневамен кездесті. Кездесуде министр атап өткендей, Қазақстан Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері ішінде АИТВ-инфекциясы аз тараған елдердің қатарына жатқызылады. Қазіргі уақытта республикада АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Республикада осы кезге дейін ел азаматтары арасында 22109 АИТВ-инфекциясы жағдайы тіркелді.
Журналистерге арналған семинар-тренинг
2015 жылдың 12 наурызында Астана қ. «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК, «Сапалы денсаулық сақтау» USAID жобасымен бірігіп «БАҚ-да АИТВ тақырыбында» журналистерге арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шара мақсаты - журналистердің біліктілігін арттыру, ақпарат көздерімен жұмыс жасау дағдыларын кеңейту. Бұл тренинг «Сапалы денсаулық сақтау» USAID жобасының ұйымдастырылған қолдауы арқылы өткізілді. ЮНЕСКО медиатренері АИТВ/ЖИТС мәселесін журналистерге баяндау жөнінде бірінші қазақстандық мультимедиялық әдістеменің авторы М. Максимова өзінің тәжірибесімен бөлісуге келісті.