Астана қалалық ЖИТС орталығында ЕЖЕ-мен кездесу өтті
2016 жылдың 10 қарашасы күні Астана қ. МКҚК «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» қабырғасында еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектермен (ЕЖЕ) семинар-кездесу өтті.
Астана қаласының №5 қалалық емханасында Ашық есік күні өткізілді
2016 жылы 15 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы кампаниясы шегінде Астана қаласының №5 қалалық емханасы, «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК мен «Шуақ» жастар денсаулық орталығы «Даналық» колледжінің студенттеріне және қала тұрғындарына Ашық есік күнін ұйымдастырып, және «Мен қолдаймын!#АИТВ-ның алдын алу! #АИТВ жұқпасына тесттен өт!» атты Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күніне арналған бірлескен акция өткізді.
Астана қалалық ЖИТС орталығында еріктілер арасында семинар өтті
2016 жылғы 9 қарашада Астана қалалық ЖИТС орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында «Жария» қоғамдық қоры мен Қызыл ай қоғамының Астана қалалық филиалының еріктілеріне арналған семинар өткізілді.
Астана қалалық ЖИТС орталығы мәдениет Басқармасымен бірлесіп «Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылым өткізді.
2016 жылғы 10 қарашада мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасымен бірлесіп, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша қалалық айлық аясында К.Қуанышбаев атындағы Қазақ Драма театрында «Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылым өтті.