АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатындағы жаңа жылжымалы сенім пункті
Астаналық денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы аясында, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы медициналық нысандардың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне даярлығын қамтамасыз ету мақсатында Астана қалалық ЖИТС орталығына заманауи жылжымалы сенім пункті сатып алды.
Астана қаласының бизнес құрылымдары АИТВ бойынша білімдерін арттыруда
Бизнес құрылымдарының басшылары мен жұмысшыларын ақпараттандыру бойынша іс-шаралардың өткізілуі жалғастыруда. 2016 жылдың 19-21 қазан аралығында ЖИТС орталығының мамандарымен АИТВ жұқпасының сұрақтары бойынша «Тұлпар» СҮ, «Рахмет» СО және «Еврофарм» аптека желісіне дәрістер өткізілді.
Бизнес құрылымдарында АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша дәрістер өткізілді
2016 жылдың 17-19 қазан аралығында ЖИТС орталығының мамандарымен АҚ «К-Дорстрой», ЖШС «Анвар», ЖШС «Trending Retail Group» және Жастар сарайының басшылары мен жұмысшыларына «Бизнес құрылымдар арасындағы АИТВ-жұқпасының алдын алу шаралары», «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі АИТВ-ның бизнеске әсері» тақырыптарында дәрістер өткізілді.
ЖИТС орталығының зертханасында инновациялық технологияларды қолдану
Инновациялық технологияларды енгізу мақсатында Астана қаласы ЖИТС орталығы лейкоциттердің субпопуляциясын сәйкестендірудегі жаңа амалдарды қамтамасыз ететін және реагентсіз технология негізінде АИТВ инфекциясы бар пациенттер арасында иммунологиялық мониторинг жүргізу үшін CD4 жасушасын санауға арналған қазіргі заманғы зертханалық жабдық – портативті қондырғы сатылып алынды.
ЖИТС орталығының мамандары «Аурика» ЖШС қызметкерлері арасында дәріс өткізді
2016 жылдың 12 казанында Астана қаласы ЖИТС орталығының мамандары Д.Т.Бексултанова мен С.Р.Мауленбергенова «Аурика» ЖШС қызметкерлері арасында АИТВ/ЖИТС-тың берілу жолдары туралы және жұқтырудан қорғану тәсілдері жөнінде дәріс өткізді.