Астана қаласының ЖИТС орталығы «Шалқар» радиосының «Денсаулық» бағдарламасында қонақта
2017 жылғы 04 сәуірде ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары С.Мусина мен ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы Республикалық «Шалқар» радиосының тікелей эфиріндегі «Денсаулық» бағдарламасына қатысып, журналист пен тыңдармандар тарапынан МӘМС туралы және басқа қойылған сұрақтарға жауап берді.
Астана қаласының Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінде жеке сұлулық салондарына арналған семинар өтті
2017 жылғы 15 наурызда ЖИТС орталығы Тұтынушылар құқығын қорғау департментімен бірге «Астана қаласының қауіпсіздігі және жайлылығы» бірлескен кешенді жоспар аясында және халықаралық «ЭКСПО 2017» көрмесін өткізуге дайындық барысында косметологиялық қызмет көрсету саласындағы шағын және орта кәсіпорын басшылары үшін семинар өткізді.
Астана қаласында кәсіпкерлер Палатасы мен ЖИТС орталығының бірлескен кеңесі өтті
2017 жылғы 03 наурызда Астана қаласының Аймақтық кәсіпкерлер Палатасында ЖИТС орталығымен бірлескен кеңесі өтті. Кеңес барысында бизнес-құрылымы өкілдері арасында жүргізілген ақпараттық жұмыстың 2016 жылғы нәтижелері мен АИТВ-инфекциясы индикаторы бойынша Бүкіләлемдік экономикалық форумның жыл сайынғы есебі талқыланды.
1 наурыз - " Нөл кемсітушілік " күні
2017 жылғы 1 наурыз - «Нөлдік кемсітушілік» күніне орай, ЮНЭЙДС - жаңа жаһандық науқан туралы ақпаратты ұсынды. Биылғы жылы «Нөл кемсітушілік» күнін атап өте келе, ЮНЭЙДС медициналық мекемелерде кемсітушілікті толығымен жою қажеттілігіне баса назар аударады, себебі бұл ЖИТС індетін 2030 жылға дейін тоқтату жолындағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылады.