Бизнес-құрылымдарында МӘМС және ДЭФ БҚИ сұрақтары бойынша семинарлар өткізілді
ЖИТС орталығының мамандары «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбы аясында ірі және орта бизнес объектілерінің басшылары мен қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру бойынша алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. «Мега Строй» ЖШС, «Лея» ЖШС, «ТРЭЙД Стандарт» железнодорожные перевозки» ЖШС әкімшілігі мен қызметкерлеріне семинарлар мен дәрістер өткізілді.
Астана қалалық ЖИТС орталығында Пациент мектебі жұмысын бастады
Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында "Болашаққа қадам" қоғамдық қорымен бірлескен "АИТВ инфекциясының алдын-алу, диагностикасы, күтімі және қолдау бойынша медициналық - әлеуметтік қызмет көрсету" атты әлеуметтік тапсырыс шеңберінде АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалар үшін Пациент мектебі өз жұмысын бастады. Бірінші сабақта Мектепке келушілер АИТВ туралы жалпы мәліметтерді талқылап, оппортунистік инфекциялар туралы ақпарат алды.
«Кәсібіңе басымды ием» медицина қызметкері күніне арналған «Мен неліктен дәрігер кәсібін таңдадым?» атты жалпы республикалық флешмоб #врачикз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Медицина қызметкерінің күніне орай елімізде «Мен не үшін дәрігер кәсібін таңдададым» әлеуметтік роликтерінің флешмобы басталды. Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымы жалпыреспубликалық флешмобқа қосылып еліміздің барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды. #РЦСПИДКазахстан#врачикз
Астана қаласының ҚАЖД-мен ведомствоаралық мәжіліс өтті
2017 жылы 30 мамырда Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен ведомствоаралық мәжіліс өтті. Астана қаласындағы барлық анықталған жаңа жағдайлардың ішінде, пенитенциарлық жүйеде анықталғандар үлесі 13%-ті құрайды.
Астаналық журналистерге арналған семинар-тренинг
2017 жылғы 26 мамырда Астана қаласының ЖИТС орталығы Республикалық "#Жоқ ЖИТС-2030" акциясы аясында Республикалық ЖИТС орталығының, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы және Орталық-Азия АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ассоциациясының қолдауымен және ықпалымен журналистерге арнап "АИТВ тақырыбын жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі " атты семинар-тренинг өткізді.