Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне арналған акция
2017 жылғы 25 маусымда Астана қаласының ЖИТС орталығы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп «Жастар» сарайында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жалпы қалалық акцияға қатысты. Акцияның басты мақсаты – тұрғындар арасында есірткі пайдалану зардаптары туралы хабардарлықты арттыру, психоактивті заттарды қолданудың өрескел имиджін қалыптастыру.
Астана қаласының ЖИТС орталығы өткізетін жаңа ақпараттандыру формасы
Астана қаласы әкімдігінің ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбы бойынша қала тұрғындарының ақпараттандыруын арттыру мақсатында жаңа жарнамалық науқан бастады. Қаланың түрлі тұрғын үй кешендерінде 2000-ға жуық лифттердің ақпараттық тақталарында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша көрнекі жадынамалар орналастырылды. Жадынамалар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жайлы толық ақпаратты қамтиды. Осылайша дәрігерлер қаланың түрлі аудандарында тұратын 200 000-нан астам тұрғындарды қамтуды жоспарлап отыр.