Қонақ үй қызметкерлеріне дәріс өткізілді
2017 жылы 11 қыркүйекте ЖИТС орталығының мамандары «Байтерк Премиум», «Жасмин», «Версаль», «В&В» қонақ үй қызметкерлеріне дәрістер өткізілді.
Өндірістік орындарда ЖБҚИ жөнінде дәрістер жалғасуда
2017 жылы 06 қыркүйекте жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін түсіндіру жұмыстары аясында, ірі және орта бизнес басшылары мен қызметкерлерінің білімін арттыру мақсатында Астана қаласының ЖИТС Орталығының мамандары «Қазмұнайгаз» АҚ-да «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» тақырыбында дәріс өткізді.
Астана қаласында Денсаулық фестивалі – 2017 акциясы өтті
2017 жылы 09 қыркүйекте "Денсаулық" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астана қаласының "Триатлон" саябағында "Денсаулық Фестивалі – 2017" Республикалық акциясы өтті. Акцияны ұйымдастырушылар Астана қаласының денсаулық сақтау Басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы.
Астанада әр өңірден келген облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталықтарының баспасөз хатшыларының қатысуымен семинар-тренинг өтті.
Республикалық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен өткізілген шара «АИТВ - жұқпасының алдын алу тақырыбында тұрғындар арасында жұмыс бойынша жаңа тәсілдер және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тиімді пайдалану» тақырыбына құрылды.