МӘМС бойынша "Deloitte" ЖШС-де ақпараттық түсіндіру жұмыстары
Астана қалалық ЖИТС Орталығының мамандары, Астана қаласы Сарыарқа ауданының мемлекеттік кірістер Басқармасымен бірлесіп, 2017 жылғы 18 шілдеде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес "Deloitte" ЖШС ұжымымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Астана қаласында зияндылықты сейілту Еуразиялық желісінің өкілімен кездесу өтті
2017 жылғы 14 шілдеде Астана қалалық ЖИТС орталығында зияндылықты сейілту Еуразиялық желісінің билік өкілдерімен өзара қатынас бойынша кеңесшісі Н.Подоговамен кездесу өтті. Кездесуге Республикалық ЖИТС орталығының бас директоры Б. Байсеркинде қатысты.
Астанада «Дені сау аула» атты акциясы өтті
2017 жылғы 1 шілдеде Астана Күнін мерекелеу іс-шарасы аясында Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, "Алматы" ауданы әкімдігімен және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, "Сарайшық" тұрғын үй кешенінде "Дені сау аула" атты акция өткізді.
Астана қалалық ЖИТС орталығында эпидемиологтарға арнап семинар өтті
2017 жылғы 30 маусымда Астана қаласы денсаулық сақтау Басқармасының 28.06.2017ж. № 37-ө бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерін дайындау және медициналық ұйымдарда персонал мен пациенттердің АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу мақсатында, ЖИТС Орталығында дәрігер-эпидемиологтар және АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша медициналық ұйымдардың жауапты мамандары, денсаулық сақтау Басқармасына бағынысты ведомстволар арасында семинар өтті.