МСАК-пен кеңес
2023 жылғы 10 қарашада Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен МСАК ұйымдары үшін Қазақстан Республикасында 2023-2026 жылдарға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде семинар-кеңес өтті.
Республика күні
2023 жылғы 24 қазанда Республика күні – ұлттық мерекесі қарсаңында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында салтанатты жиналыс өтті.
«Сөзден іске/ Walk the talk/ От слов к делу»
2023 жылғы 22 қазанда Астана қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Алматы Декларациясының қабылдануының қырық бес жылдығына және Астана Декларациясының қабылдануының бес жылдығына арналған Жаһандық конференция аясында «Сөзден іске/ Walk the talk/ От слов к делу» ұранымен Достық жүгіру өтті.
Астана қаласының білім беру мекемелерінің педагогтерімен өткізілген кеңес.
2023 жылғы 19 қазанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының базасында жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша қаланың білім беру мекемелерінің педагогтері үшін кеңес өтті.