Профессор Хеймердің ыстық лебізі
2023 жылдың 18 қыркүйегінде Елордаға Йель жаһандық денсаулық институтының эпидемиология және фармакология профессоры, философия докторы Роберт Хеймер келді.
Профессор Роберт Хеймер Астана қаласындағы ЖИТС-сервистік ҮЕҰ-ға барды
Астана қаласына іс-сапар аясында Йель жаһандық денсаулық институтының эпидемиология және фармакология профессоры Роберт Хеймер және «Назарбаев Университеті» Медицина мектебінің профессоры Сайед Әли Астана қаласының «Жизнь вопреки», «Шаг в будущее», «HumanHealthInstitute»ЖИТС-сервистік үкіметтік емес ұйымдарына барды.
Астана қаласының АИТВ орталығына АҚШ Профессоры Роберт Хеймердің іс-сапары
2023 жылғы 18 қыркүйекте Астана қаласының «АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығына» философия докторы, Йель жаһандық денсаулық институтының эпидемиология және фармакология профессоры Роберт Хеймер және «Назарбаев Университеті» Медицина мектебінің профессоры Сайед Али келді.
Тапсырыс бер және өзіңді өзің тексер! жобасы- енді Астанада қолжетімді
Астана қаласы, 14 қыркүйек 2023 жыл. Елордада «Астанада АИТВ-ға өзіңді өзің тексер» атты жоба аясында жиын өтті. Шараға Шеврон, Тенгиз Шевройл компанияларының өкілдері, КМПА-ның Қазақстандағы атқарушы директоры Г.Гребенникова және «Алматылық АИТВ-ны бақылау үлгісі» жобасының менеджері М.Сауранбаева, Денсаулық сақтау саласын цифырландыру бойынша ICAP аймақтық менеджері Дильшод Али-Заде, Астана қалалық АИТВ-ның алдын алу орталығының басшылары және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жобаны Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы (КМПА) «Шеврон» компаниясымен бірлесе отырып ұйымдастырды.