«Нұрлы жол» теміржол вокзалы «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» акциясын қолдады
2023 жылғы 24 қарашада «Нұрлы жол» теміржол вокзалында ЖИТС-пен күрес жөніндегі дүниежүзілік науқан аясында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» атты ауқымды акция өткізілді.
«Астана, тестілеуден өт!» акциясы
2023 жылғы 23 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ студенттері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша «Астана, тестілеуден өт» акциясы өтті.
Астана қаласының №11 емханасында «Ашық есік күні» өтті
2023 жылғы 23 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Астана қаласының №11 емханасында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері, «Дауа» жастар денсаулық орталығының қызметкерлері мен емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің медицина қызметкерлерімен бірлесіп, «Сіздің өміріңіз сіздің қолыңызда!» ұранымен «Ашық есік күнін» өткізді.
ГФСТМ өкілдерінің Астана қаласына сапары
2023 жылғы 22 қарашада Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың өкілдері (Швейцария, Женева қ.) - Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Жаһандық қордың аға портфолио менеджері Татьяна Виниченко, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Жаһандық қордың мониторинг және бағалау және қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі өңірлік менеджері Давид Кокиашвили және ҚР ДСМ «Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директоры Бауыржан Байсеркин келді.
ҚР Қорғаныс министрлігінің №55765 әскери бөлімінде семинар
2023 жылдың 22 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында, №55765 әскери бөлімнің базасында «АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбы бойынша семинар өтті.