Елордалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы «SHALQAR» радиосында қонақта
2024 жылғы 1 қарашада «SHALQAR» радиосының тікелей эфирінде өткен «Жандауа» бағдарламасында «2024 жылдың 9 айындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдай» және «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні» тақырыбында сұхбат өтті.
Астана қаласындағы 22 мектеп-гимназияда өткен педагогикалық кеңес
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес компаниясы қарсаңында Астана қаласындағы №22 мектеп-гимназияда «Балалардың диструктивті мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
SOS Астана балалар ауылының тәрбиеленушілерімен профилактикалық жұмыс жүргізілді
2024 жылғы 31 қазанда АИТВ-инфекциясы орталығының эпидемиолог дәрігері Ж. К. Бекетова «SOS Астана балалар ауылы» ДББМ-ның 15 жасқа толған және одан жоғары жастағы тәрбиеленушілері арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Астана қаласының ЖОО және колледж студенттеріне арналған тренинг
2024 жылғы 22 қазанда Астана қаласында «АИТВ-ға байланысты стигма жоқ» жобасын іске асыру аясында Шеврон компаниясының қолдауымен жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған семинар-тренинг өтті. Тренингті ұйымдастырушылар «Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы (ҚЖРҚ)» республикалық қоғамдық бірлестігі және Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы.
№13 қалалық емханада және «Жанұя» ҚӘМК» филиалында медицина жұмыскерлеріне арналған семинар
2024 жылғы 18 қазанда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету жоспары аясында Қобыланды көшесіндегі №13 қалалық емхана мен «Жанұя» ҚӘМК филиалында МСАК семинарларын өткізді.