Тұрғындар үшін «Сауран» СОО-да акция өткізілді
1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар аясында «Сауран» сауда ойын-сауық орталығында қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен және «Human Health Institute» ҚБ-мен бірлесіп Астана тұрғындары мен қонақтары үшін акция өткізді. Іс-шара барысында қала тұрғындарына осы акцияның мақсаты түсіндірілді, АИТВ-инфекциясы және алдын алу шаралары туралы айтып, қауіпті жағдайларсыз салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
«Нұрлы жол» вокзалы «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңда» акциясын қолдады
2024 жылғы 19 қарашада «Нұрлы жол» теміржол вокзалында бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңда» атты ауқымды акция өткізілді.
Елордалық «Keruen City» СОО акция
2024 жылғы 18 қарашада елордалық "Keruen City" СОО келушілері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу науқаны өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен және ОО «Human Health Institute» бірлесіп ұйымдастырып өткізді. Акция 2024 жылдың 1 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін қалада өтетін және Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған айлық аясында өтуде.
Астана қаласының теміржол вокзалындағы акция
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар аясында 2024 жылғы 18 қарашада Астана қаласының теміржол вокзалында қаланың жолаушылары мен келушілері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары акция өткізді.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында медицина қызметкерлерімен семинар-кеңес
1 желтоқсан күні «Дұрыс жолды - адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін өткізу аясында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Б.К. Құлтанова және емдеу-профилактикалық көмек бөлімінің меңгерушісі А.Ш. Серғалиева 2024 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында медицина қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді.