WhatsApp Image 2025 11 17 at 13.41.19

     17 қарашада Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А. И. Жаманова № 15 қалалық емхананың жастар денсаулық кабинетімен бірлесіп Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында дәріс өткізді.

 WhatsApp Image 2025 11 17 at 13.41.19 1

 

    Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында және халықтың АИТВ және алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының маманы Ж.К. Бекетова Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына дәріс өткізді.

WhatsApp Image 2025 11 17 at 12.48.49

      Іс-шара барысында тыңдаушылар АИТВ-инфекциясының ерекшеліктері туралы білді, АИТВ атауының этимологиясын, вирустың басқалардан айырмашылығы, оның берілу жолдары мен инфекциядан қорғау жолдарын талқылады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу тақырыбына ерекше назар аударылды.        Мұндай іс-шаралар ауру туралы хабардарлықты арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 WhatsApp Image 2025 11 17 at 12.48.50

 WhatsApp Image 2025 11 17 at 12.48.50 1

 

  

  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     2025 жылғы 14 қарашада елордалық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты. Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында семинар өтті.

WhatsApp Image 2025 11 14 at 16.49.17

   2025 жылғы 14 қарашада Астана қаласы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсатыАИТВ инфекциясыныңалдын алу және диагностикалау мәселелері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігі мен халықтың хабардар болуын арттыру.

WhatsApp Image 2025 11 14 at 16.19.58

  2025 жылғы 14 қарашада елордалық Сапаржай автовокзалында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған іс-шаралар шеңберінде қаланың тұрғындары мен қонақтарына арналған акция өткізді.

WhatsApp Image 2025 11 14 at 15.10.12