Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған брифинг өтті. Іс-шараға Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Фарида Тулешева және АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы директорының міндетін атқарушы Денис Панченко қатысты.

WhatsApp Image 2025 11 28 at 12.16.05 

   Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында 2025 жылғы 28 қарашада «Жас толқын» Жастар денсаулық орталығы қалалық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының Еуразия гуманитарлық институтының студенттерімен кездесуін ұйымдастырды. Профилактикалық акция білім алушылар мен қызметкерлердің АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған.

 WhatsApp Image 2025 11 28 at 12.46.07

    Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» арналған науқан аясында қалалық АИТВ-жұқпасы орталығының мамандары «Республикалық медицина академиясы» ЖШС медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында ниет білдіргендерге АИТВ-ға сілекей арқылы экспресс-тестілеу ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025 11 28 at 08.27.54

    2025 жылғы 27 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Астана» Медицина университеті КЕАҚ-да студенттері арасында СӨС қалыптастыру орталығының мамандары және АИТВ орталығының бірлескен ұйымдастырыуымен«АИТВ және қоғам» тақырыбында пікірталас өтті

WhatsApp Image 2025 11 27 at 17.25.11

  2025 жылғы 27 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес науқаны аясында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Астаналық» сауда орталығының қызметкерлері мен келушілері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша ауқымды акция өткізді.

WhatsApp Image 2025 11 27 at 16.07.25