Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары 16.09-23.09.2024 жылы № 102 орта мектепте және № 60 мектеп лицейінде 9-11 сынып оқушыларына арналған семинар өткізді, онда жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері қаралды.

240924

    19.09.2024 жылы Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында АИТВ-инфекциясы және халықтың негізгі топтар үшін байланысқа дейінгі профилактика мәселелері бойынша аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында аутрич-қызметкерлермен БДП бағдарламасының қағидалары және АИТВ-ның жыныстық жолмен таралу деңгейін төмендету аясындағы алдын алу іс-шаралар бойынша аутрич-қызметкерлер үшін оқыту семинары өткізілді.

WhatsApp Image 2024 09 19 at 16.18.23

      Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары 2024 жылдың 1-23 тамызы аралығында ТОО «Алтамир-КТ», КФ «Сауда-көтерме көрмесі», «Word class», «Pride» фитнес орталықтарында, «Жаннур», «Встреча» сауда үйлерінде, «Рамада»  қонақ үйінде дәріс оқыды.

Безымянный78962125

2024 жылдың 21 тамызында КМПА-мен (Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастық) бірлесе отырып, АИТВ орталығының мамандары Астана қаласының Жастар денсаулық орталықтарының өкілдерімен семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты – осы мекемелердің қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу, оның ішінде байланысқа дейінгі профилактика туралы негізгі білімдерін арттыру арқылы Жастар денсаулық орталықтарында жасөспірімдерге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарына көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру болып табылады.230824

2024 жылғы 15-16 тамызда Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына Йель Медицина Мектебінің Стен Вермунд профессоры және «Назарбаев Университеті» Медицина Мектебінің докторы, профессоры Сайед Әли достық сапармен келді.

2