Астана қаласының №7 және №8 қалалық емханаларында 2025 жылы 09-10 қыркүйек аралығында медициналық қызметкерлерге АИТВ инфекциясының алдын алу, әрекеттегі нормативті құқықты актілері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетіліп, соңынан семинар өткізілді.

WhatsApp Image 2025 09 11 at 15.53.39

2025 жылғы 8 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындады. Жолдауда көрсетілгендей, денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр:

Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылуда. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр.«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, осы жылдың соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек.

WhatsApp Image 2025 09 09 at 15.12.31

    Сотталғандар мен жеке құрам арасында ақпараттық-ағарту жұмысы аясында ҚР ІІМ № 3 ҚАЖД мекемесінде АИТВ-ның алдын алу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері бойынша дәріс өтті.WhatsApp Image 2025 09 09 at 12.39.38 min

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің № 68665 әскери бөлімінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті. Қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы, дәрігер-эпидемиолог Ж.К. Бекетова ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, қорғау шаралары және АИТВ-ның берілу жолдары туралы айтып берді.

WhatsApp Image 2025 09 09 at 10.56.21 min

Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясында 10-11 сынып оқушылары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті қалалық АИТВ-инфекциясының орталығының дәрігер-эпидемиологы А. И. Жаманова өткізді.

WhatsApp Image 2025 09 08 at 13.02.44