Астанада мейіргерлерді құттықтау жалғасуда
Елордада Халықаралық мейіргерлер күніне арналған іс-шара жалғасуда. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ә.Ш. Әлназарова «Мейіргерлік қызметтің дамуының инновациялары мен келешегі» форумының ашылуында сөз сөйлеп, соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргерлердің рөлі едәуір артып, функционалдығын кеңейтіп, өкілеттіктерін бере отырып, мейіргерлер медициналық көмек көрсетудің ажырамас бөлігіне айналды» ‒ деп атап өтті.
Астана қаласының № 3 пенитенциарлық жүйесі мекемелерінде дәріс
Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні мен репродуктивті денсаулық апталығы аясында № 3 ҚАЖД мекемесінде сотталғандар мен жеке құрамға арналған ақпараттық-ағартушылық дәріс өтті. Іс-шара АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының өкілі-дәрігер-эпидемиолог А.И.Жаманованың қатысуымен ұйымдастырылды.
Астана медицина университетінің студенттері репродуктивті денсаулық апталығына қатысты
Елордада Репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда. 2025 жылдың 15 мамырында «Астана медицина университеті» КЕАҚ студенттері мен оқытушылары үшін «Жастардың репродуктивті денсаулығы және АИТВ-инфекциясының алдын алу» атты ауқымды семинар өтті. Күн тәртібінде: қоғамдық денсаулықтың маңызды бөлігі – репродуктивті денсаулық.
АИТВ орталығының өкілдері «Мейіргерлік қызметтің дамуының инновациялары мен келешегі» тақырыбында өткен Халықаралық форумға қатысты
Мейіргерлердің кәсіби мерекесіне орай 2025 жылғы 14-15 мамыр аралығында Түркістан қаласында Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарованың қатысуымен«Мейіргерлік қызметтің дамуының инновациялары мен келешегі» атты Халықаралық форумы өтуде.
Елорда мектептерінде Астана қаласы Полиция департаментімен бірлесіп репродуктивті денсаулықты сақтау тақырыбында дәрістер өтті
2025 жылғы 13-14 мамыр күндері Репродуктивті денсаулық апталығы аясында А.Бөкейхан атындағы №76 мектепте және №26 мектеп-гимназияда жоғары сынып оқушыларына алдын алу дәрістер өткізілді. Іс-шара Астана қаласы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы өкілдерімен бірлесе ұйымдастырылды.