Мектептерде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәрістер өтті
2025 жылғы 3 желтоқсанда Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары № 103 орта мектеп пен №78 мектеп-гимназияның 9-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған республикалық ақпараттық науқан аясында ұйымдастырылды.
Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күні туралы ақпарат Астананың медиа қасбеттерде орнатылды
1 желтоқсанда Астанада ірі медиа қасбеттерде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпарат таратылды. Іс-шараның бастамашысы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қалалық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы болды.
Өнер арқылы ақпараттандыру
2025 жылғы 2 желтоқсанда «Наз» мемлекеттік би театрында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай шығармашылық кеш өтті. Мақсаты ‒ халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, алдын алу мәдениетін дамыту және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау.
Полиция қызметкерлері арасында ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция
2025 жылғы 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Астана қаласы Полиция департаментінің «Алматы» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері арасында алдын алу акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – ақпараттандыруды арттыру және АИТВ инфекциясын ерте анықтау.
Емханада Ашық есік күні өтті
2025 жылғы 26 қарашада Астана қаласы әкімдігінің№5 Қалалық емханасында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен біргеАИТВ инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылып, жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтетін маңызды күнге арналады. Акцияның ұраны «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан-тиімді өзгерістерге» әрбір адамның денсаулығын сақтау үшін белсенді қатысуы мен қиындықтарды еңсерудің маңыздылығын көрсетеді.












