АМСК деңгейінде семинарлар өткізу
2021 жылғы 28 қазанда Нұр-сұлтан қаласында ЖИТС орталығының мамандары №12 қалалық емханада медицина қызметкерлер арасында "ҚР және Нұр-Сұлтан қаласында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы. Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу, сонымен қатар әйелдерді АИТВ-ға тестілеумен қамту" туралы семинар өткізілді. Семинарға 30 медицина қызметкерлер қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС қарсы күрес орталығы қызметінің нәтижелері жиналыста қаралды.
2021 жылдың 20 қазанында ЖИТС орталығында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары А.Ш.Рустемованың басшылығымен ағымдағы жылдың 9 айындағы ЖИТС қызмет нәтижесі бойынша кездесу өтті.
Журналистер арасында конкурс жарияланады
Байқаудың тақырыбы: «АИТВ мен өмір сүретін адамдарды қоғамда кемсітіушілікке жол бермеу»
Нұр-Сұлтан қалалық «ЖИТС-тың алдын алу және оған күрес орталығы» МКҚК тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясы туралы хабардар етуге және АИТВ жөнінде дұрыс ақпарат қалыптастыруға бағытталған журналистер арасында конкурс жариялайды.
«SHALQAR» радиосындағы «АИТВ және қоғам» тақырыбында сұхбат
2021 жылдың 15 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының «ЖИТС -тың алдын алу және оған қарсы күрес» орталығының директоры Абдраимов Сабит Бекмағанбетұлымен «ШАЛҚАР» радиосының тікелей эфирінде «Жандауа» бағдарламасында, «АИТВ және қоғам» тақырыбында сұхбат өтті.
Бағдарламада елордадағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ жұқтырғандарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету, антиретровирустық терапия саласындағы жаңалықтар мен АИТВ -ның алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы айтылды.