Нұр-Сұлтан қ. орта және шағын бизнес нысандарындағы дәрістер
2019 жылдың 17-20 қыркүйегінде ЖИТС орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сұңқар», «Жібек жолы» сауда үйлерінің, «Small» супермаркеті және «Болашақ» Бизнес орталығының әкімшілігі мен жұмысшыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша дәріс оқыды.
№3 Перинаталдық орталықтағы семинар
2019 жылдың 04 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қ. ЖИТС орталығының мамандары «№3 Перинаталдық орталықта» АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша семинар өткізді. Медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, қолданыстағы нормативтік құжаттардың негізгі ережелері, сондай-ақ апаттық жағдайлар туындаған кездегі медицина қызметкерінің тактикасы, АИТВ жұқтыру қаупімен байланысты байланыстар, байланыстан кейінгі алдын алу ұсынылды.
Нұр-Сұлтан қаласының бизнес нысандары үшін АИТВ алдын алу және медициналық сақтандыру бойынша дәрістер
16-18.09.2019 жылы ЖИТС орталығының мамандары "Рахат" монша кешенінің, "TIMEX GROUP" ЖШС, "Астана Маркет-радио" ЖШС, "ESP CENTER" ЖШС, "ҚР радиостанциясы"ЖШС қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша дәріс өткізді.
АИТВ-инфекциясы таралу көрсеткіштерін бағалау бойынша семинар
2019 жылдың 11 - 13 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы үшін АИТВ-инфекциясына қатысты аймақтық бағалауды әзірлеу бойынша ұлттық семинарға қатысты. Семинарды UNAIDS және PEPFAR қорымен бірлесіп Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы ұйымдастырды.
Мәскеу қаласында өткен зертханалық медицинаның V-мерейтойлық ресейлік конгресіне қатысуы
Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығының зертхана меңгерушісі Л. С. Нұғманова ЖИТС қызметінің басқа мамандарымен бірге2019 жылдың 11-13 қыркүйегіндеМәскеу қаласында өткен зертханалық медицинаның V-мерейтойлық ресейлік конгресіне қатысты.